«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ оның экономикаға, экологияға және қоғамға әсер етуінің маңыздылығын сезіне отырып, құндылықтың ұзақ мерзімді өсуіне ұмтылады, оның ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, мүдделі тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін сақтайды.
Қоғамның тұрақты даму саласындағы қызметі ашықтық, есеп берушілік, транспаренттілік, этикалық мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрақты даму саясаты мына принциптерге негізделген:
экологиялық жауапкершілік;
әлеуметтік көрсеткіштер;
экономикалық тиімділік.